Онлайн-курс

Онлайн-курс

ЮНЕСКО мен Құқық және демократия орталығы ақпаратқа қол жеткізу құқығы бойынша (орыс тілінде) онлайн өзін-өзі оқыту курсын іске қосты.

Курс ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске қосылды.

Оқыту тегін өткізіледі және 6 сағатты құрайды.

Жоба ақпаратқа қол жеткізу туралы білімді кеңейту немесе нығайтқысы адамдарға, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, азаматтық қоғам өкілдері, студенттер және осы тақырыпқа қызығатын кез келген басқа адамдар үшін арналған.

Сонымен қатар, курс ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды жүзеге асырудың әртүрлі аспектілерін негізге алады. Қорытындыда тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Мына сілтеме арқылы курсқа тіркелуге болады:

https://unesco-ati-mooc.thinkific.com/courses/RU-unesco-massive-open-online-course-access-to-information-laws-and-policies-and-their-implementation-2