
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Маңғыстау облысына сапары барысында жергілікті имамдармен кездесті.
“Өздеріңізге белгілі, Тәуелсіздік алғаннан бері, елімізде дәстүрлі Исламның, жалпы діннің рөлі айтарлықтай өсті. Азаматтардың, әсіресе жастардың дінге бетбұрысы, қоғамдағы белсенділігі артып келеді. Осы тұста біздерге діни бағыттағы даму жолымызды саралап, заманауи талаптарға сай түлету қажет. Санамызда орныққа, салтымызға айналған ата дініміз біркелкілігімен, төзімділігімен және дәстүрімізбен астасып, танымымызға сіңіп, өмір салтымызға айналған”, - деді министр.
Сондай-ақ қатысушылар дистрюктивті ағымдармен күрес, діни кадрларды даярлау және қоғамдағы толеранттылықты сақтау мәселелері жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.