
Сессия отырысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, өңірлік ҚХА және этномәдени бірлестіктердің мүшелері, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар басшылары, жоғары оқу орындарының, зиялы қауымның өкілдері, жастар ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин өз сөзінде өңірде этносаралық қатынастар саласы бойынша үлкен тәжірибе жинақталғанын ерекше атап көрсетті және этносаралық қатынастарды нығайту бойынша Министрлік жұмысының басым бағыттары туралы айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты XXXII сессиясында берген бірқатар тапсырмалар бойынша ҚХА-мен бірлесе атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Соның ішінде жалпыұлттық бірегейлік және бірыңғай ұлт қалыптастыру, мемлекеттік тілді қоғамды интеграциялаудың басты құралы ретінде дамыту, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейту сияқты негізгі бағыттардың маңызына айрықша мән берді.