Хабарлама

Хабарлама

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Интернет-конференция бұқаралық ақпарат құралдары туралы өзекті мәселелері бойынша қоғам тарапынан ұсыныстар алу мақсатында өткізіледі.

Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/3273 сілтемесі бойынша аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.

Интернет-конференция 2023 жылғы 17 мамыр сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүргізіледі.

Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.