Министр Дархан Қыдырәлі «31 арнаны» отыз жылдығымен құттықтады

Министр Дархан Қыдырәлі «31 арнаны» отыз жылдығымен құттықтады

«Еліміздің ақпараттық кеңістігінде айшықты орны бар «31 арна» өзінің дара қолтаңбасымен, тың тақырыптарымен, ерекше айдарларымен көпшілік көрерменнің көңілінен шығып, отандық медиа индустрияның дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Осы орайда, мемлекетіміздің қалыптасуы мен руханиятымыздың дамуына, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық өмірінің жан-жақты жандануына қызмет етіп келе жатқан «31 арна» ұжымына толайым табыс пен шалқар шабыт тілейміз!» делінген министр құттықтауында.