
Құрметті қолданушылар!
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Баспа өнімдерінің бөлшек саудасын дамыту үшін дүңгіршектік желінің жұмыс істеуі» тақырыбында сауалнама және интернет-конференция өткізетіндігі туралы хабарлайды.
2020-2022 жылдарға арналған ақпарат саласын дамытудың Ұлттық жоспарының жобасы шеңберінде мерзімді баспа өнімдерін өткізу желісін құру мәселесін пысықтау бойынша іс- шаралар көзделген.
Сауалнама және интернет-конференция баспа өнімдерінің бөлшек саудасын дамыту қажеттілігіне қатысты пікірлер мен ұсыныстарды жинау мақсатында өткізіледі. Нәтижелер мерзімді баспа өнімдерін өткізу желісін құру мәселесін пысықтау кезінде ескерілетін болады.
Сіздерді https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1369 сілтемесі бойынша аталған сауалнамаға және https://dialog.egov.kz/conference/1185 сілтемесі бойынша интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.
Интернет-конференция 10 наурыз сағат 10:00- ден 11 наурыз сағат 17:00-ге дейін жалғасады.
Сауалнама 2020 жылғы 10 сәуіріне дейін жүргізіледі.
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 74-04-91 (Ыбырайымбек Айжан).