
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы бойынша ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік грант конкурсын жариялайды.
Конкурсқа республика бойынша барлық ҮЕҰ қатыса алады, бірақ грантты ұтып алғаннан кейін, жобаны Жаңаөзен қаласы көлемінде жүзеге асыру керек.
Мемлекеттік грант конкурсы азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыру мақсатында өткізіледі.
Өтінімдер 2023 жылғы 14 сәуір (Астана уақыты бойынша) сағат 18.30-ға дейін қабылданады.
Гранттық конкурс бойынша өтінім бермес бұрын, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының менеджерлеріне
8 (7172) 79-08-04,
8 (7172) 79-08-28,
8 (7172) 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласып алған жөн.
Менеджерлер сіздерге жобаларыңызды, немесе өтінімдеріңізді қалай дұрыс рәсімдеу керек екенін толық түсіндіріп барып, қандай электронды поштаға жолдау керегін айтады.
ҚР АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының (АБҚО) кеңсесі Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 мекенжайы бойынша орналасқан.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтына сілтеме: https://cisc.kz/kk/