Атырау облысы бойынша ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар конкурсы

Атырау облысы бойынша ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар конкурсы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Атырау облысы бойынша ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік грант конкурсын жариялайды.

Конкурсқа республика бойынша барлық ҮЕҰ қатыса алады, бірақ грантты ұтып алғаннан кейін, жобаңызды Атырау облысы көлемінде жүзеге асыру керек.

Мемлекеттік грант конкурсы азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыру мақсатында өткізіледі.

Өтінімдер 2023 жылғы 13 сәуір (Астана уақыты бойынша) сағат 18.30-ға дейін қабылданады.

Гранттық конкурс бойынша өтінім бермес бұрын, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының менеджерлеріне

8 (7172) 79-08-04,

8 (7172) 79-08-28,

8 (7172) 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласып алған жөн.

Менеджерлер сіздерге жобаларыңызды, немесе өтінімдеріңізді қалай дұрыс рәсімдеу керек екенін толық түсіндіріп барып, қандай электронды поштаға жолдау керегін айтады.

ҚР АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының (АБҚО) кеңсесі Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 мекенжайы бойынша орналасқан.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтына сілтеме: https://cisc.kz/kk/