
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Павлодар қаласының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге мемлекеттік органдардың, діни және этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ, БАҚ және т. б. өкілдері қатысты.
Вице-министр ведомство қызметінің негізгі бағыттары туралы сөз қозғап, БАҚ, ҮЕҰ, жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы айтты.
Сонымен қатар, вице-министр Павлодар жұртшылығына министрліктің этносаралық келісім және дін саласында атқарып жатқан жұмыстары туралы қосымша ақпарат берді.
Қорытындыда Данияр Қадыров қатысушылардың түрлі сұрақтарына жауап беріп; кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізді.