
Астанадағы Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлады.
Іс-шараға министр Дархан Қыдырәлі және министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Министр Дархан Қыдырәлі бұл әріптестердің пандемиядан кейін алғаш рет бас қосып, ұйымластырып отырған іс-шарасы екенін атап өтті.
«Біздің министрлік азаматтық қоғамның дамуына жауапты болғандықтан, қастерлі құндылықтарды ұлықтап, көпке үлгі-өнеге көрсетуі заңдылық деп білеміз. Мейрамға орай ұйымдастырылатын іс-шаралар, спорттық жарыстар ұжымның ынтымағын, ауызбірлігін арттыра түседі деп сенеміз», - деді министр.
Іс-шара соңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі барлық қатысушыларға ізгі ниетін айтып, Жаңа жылда ырыс-береке мен молшылық тіледі.