Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы бекітілді

Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы бекітілді

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы бекітілді.

Доктринаның мақсаты – ақпараттық кеңістікті қорғау, отандық медианы қолдау және ақпаратқа қолжетімділікті арттыру. Сонымен бірге азаматтық бірегейлікті нығайтуда, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге жауап беретін ақпараттық саясатты жүзеге асыруда бұл құжаттың мәні мен маңызы зор.

Доктринаның бірнеше бағыты бар. Олар:
• отандық ақпараттық өнімнің және жалпы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
• ақпараттық кеңістіктің негізгі бағыттарында ұлттық құндылықтардың үстемдігін қамтамасыз ету;
• халықаралық деңгейде сапалы ақпараттық қатысуды арттыру;
• саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге ықпал ету.

🔎Толығырақ: https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-akparattyk-doktrinasyn-bekitu-turaly-2025635