
АЙТЫЛДЫ:
«Біз елімізде азаматтық белсенділікті жандандыруымыз керек. Мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуымыз қажет.
Сол себепті орталық және жергілікті органдардың, квазимемлекеттік сектордың жанындағы қоғамдық кеңестерді дамытып жатырмыз».
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
16.03.2022 жыл
ОРЫНДАЛДЫ:
Қазіргі уақытта Республика бойынша 258 қоғамдық кеңес жұмыс істейді.
2022 жылы қоғамдық кеңестердің сапалық құрамы 90%-ға жаңарды, ондағы азаматтық қоғам өкілдерінің үлесі 23,5%-ға артып, 86% болды.
2022 жылы Мемлекет басшысына қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама ұсынылды. Баяндама алғаш рет қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, сарапшылармен бірлесіп дайындалды.
Жастарды қоғамдық кеңестердің құрамына тарту үшін 2023 жылдан бастап барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің құрамына жастар квотасын беру көзделіп отыр.
Жастар санатының 35 жасқа дейін ұлғаюына орай кеңес құрамындағы жастардың үлесі 9%-ды құрады.
Қоғамдық кеңестердегі жастардың үлесі 2025 жылы кемінде 15%-ға, 2028 жылға қарай 20% болады деп жоспарланып отыр.