
Бүгін Қазақстандағы ЮНЕСКО және ДДҰ кеңселері, салалық мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардың қатысуымен денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы ақпараттың қолжетімділігі мәселелері бойынша талқылау өтті.
Жиын барысында ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесінің өкілі халыққа қажет ақпаратты берудің халықаралық стандарттарын ұсынды.
Сонымен қатар қатысушылар жұқпалы аурулардың өршуі, вакциналар, медициналық ұсынымдар, денсаулық сақтау статистикасы және клиникалық сынақтардың нәтижелері туралы т.б. ақпаратты белсенді түрде жариялау қажеттігін айтты.
Білім беру саласы бойынша бюджет, мектептер, мұғалімдердің біліктілігі, оқушылардың үлгерімі, мектеп қауіпсіздігі туралы және өзге де мәліметтерді ашық түрде жариялау жөнінде ұсыныстар берілді.
Қатысушылар мемлекеттік органдардың ақпаратты жариялауда белсенді болуының маңыздылығын атап өтті.