
Директорлар кеңесінің шешімімен Әбибуллаев Алтай Ибрагимұлы «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі «Н.Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
1997 жылы Варшава университетін Саяси ғылымдар және журналистика факультетінің Халықаралық саяси және экономикалық қатынастар Институтын бітірген, ғылыми дәрежесі Магистр.
1997 жылдан 1999 жылға дейін Сыртқы саясатты талдау және жоспарлау басқармасының шолушысы болып қызмет атқарды.
1999-2014 жж. – Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігінің III және ІІ хатшысы.
2004-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрілігінің кеңесші.
2005-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі және кеңесші-уәкілі.
2007-2008 кк. – Қазақстан Республикасының Австрия Федералды Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2008 жылдан 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілдігінің кеңесші – уәкілі.
2009-2011 жж. – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігі және Вена қаласындағы ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің кеңесші – уәкілі.
2011 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрілігінің ресми өкілі, Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары мен Төрағасы.
2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ ресми өкілі мен Директорының орынбасары.
2014 жылғы сәуірден тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары.
2015 жылдың сәуірінен 2016 жылдың мамырына дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрілігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі мен СІМ-нің ресми өкілі.
2016 жылдың мамырынан 2017 жылдың ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Қазақ, орыс, ағылшын және поляк тілдерін жетік меңгерген.
«Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметінің 20-жылдығына орай, Қазақ хандығының 550-жылдығы мерейтойлық және басқа да естелік медаль және грамоталармен марапатталған.