«Ашық диалог» порталында сауалнама өткізетіндігі туралы

«Ашық диалог» порталында сауалнама өткізетіндігі туралы

Құрметті қолданушылар!

 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл» тақырыбында сауалнама өткізетінін хабарлайды.

Сауалнама «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, оның негізгі бағыттары мен арнайы жобаларына, сондай-ақ Бағдарламаның танымалдығын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Сіздерді https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1045  сілтемесі арқылы аталған сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

 Сауалнама 2019 жылғы 28 шілдеге дейін жүргізіледі.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады:  8 (7172) 742199 (Елубаев Думан).