«Ашық диалог» порталында сауалнама өткізетіндігі туралы

«Ашық диалог» порталында сауалнама өткізетіндігі туралы

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Ашық деректер» интернет-порталды жетілдіру» тақырыбында сауалнама өткізетінін хабарлайды.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (https://data.еgov.kz) мемлекеттік органдар ашық деректерді орналастырады.

Бұл сауалнама халықтың ашық деректерге қажеттілігін, мемлекеттік органдар жариялайтын ақпараттың сапасын анықтау, сондай-ақ порталдың функционалын пысықтау мақсатында жүргізіледі.            

Сізді 2019 жылдың 10 тамызына дейін өткізілетін сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады:  8 (7172) 74-05-28 (Мамбеталина Анар).