
Құрметті қолданушылар!
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Мемлекеттік органдардың ашықтығы» тақырыбында интернет-конференция өткізетінін хабарлайды.
Бүгінгі күні «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдар өз қызметінің ашықтығы мен айқындылығын, сондай-ақ ұсынылатын ақпараттың шынайылығын, толықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етуге міндетті.
Көрсетілген интернет-конференция барысында сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ ақпарат алу кезінде туындайтын проблемаларға байланысты ұсыныстарды қарастыру жоспарлануда.
Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/768 сілтемесі арқылы аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.
Интернет-конференция 2019 жылғы 28 маусымда с. 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 8 (7172) 74-05-28 (Мамбеталина Анар).