
Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері "Масс-медиа туралы" заң жобасына енгізілген өзгерістерді талқылау бойынша жұмыс тобымен кездесу өткізді.
Іс-шарада жұмыс тобының қатысушыларымен теле-радио хабарларын тарату мәселелері бойынша ұсыныстар қаралып, талқыланды.
Жиынға телерадио хабарларын тарату операторлары, теле-радиоарналардың өкілдері және медиазаңгерлер қатысты.
Пікіралмасу барысында телерадио хабарларын тарату операторларының қызметіне қатысты ұсыныстар, ұғымдық аппаратқа редакциялық түзетулер және телерадиохабарларын тарату блогы бойынша бірқатар новеллалар талқыланды.
Сонымен қатар отырыста жұмыс тобы мүшелерінің ой-пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.