
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Әзірлеуші – ҚР АҚДМ.
Жұмыс тобының құрамына түрлі қоғамдық бірлестіктердің, қорлардың және өзге де ұйымдардың 80-ге жуық өкілі кірді (олардың ішінде "Әділ сөз", Қазақстандағы Internews Network, құқықтық саясатты зерттеу орталығы, құқықтық медиа-орталығы, "Талап"қолданбалы зерттеулер орталығы және т.б. бар).
Заң жобасы Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленіп жатыр.
Осы Заң жобасы шеңберінде Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң талаптарын сақтамағаны үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту мәселелері шешіледі.
Заң жобасында мемлекеттік органдар азаматтардың қызығушылық танытқан мәліметтерін «ҚБПҮ» деген белгісі бар қызметтік ақпаратқа жатқызу, сондай-ақ, азаматтардың салалық ақпаратқа (экология, жер қатынастары, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. салалар бойынша) кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.