Ашық диалог

Ашық диалог

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Жастар және отбасы саясаты саласындағы әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізіп жатқанын хабарлайды.

Интернет-конференция жастар және отбасы саясаты саласындағы әлеуметтік зерттеулердің қорытындыларын талқылау, сондай-ақ аталған бағыттар бойынша кейінгі әлеуметтік зерттеулерді дайындау үшін қоғам тарапынан ұсыныстар алу мақсатында өткізіледі.

Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/2865 сілтемесі бойынша аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.

Интернет-конференция 2023 жылдың 8 қаңтар сағат 18:00-ға дейін жалғасады. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.