Ақпараттық Доктрина жобасы талқыланады

Ақпараттық Доктрина жобасы талқыланады

2022 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15:00-де «Sarap» эксперттік клубының отырысы аясында Ақпараттық Доктрина жобасы талқыланады.
Іс-шара ұйымдастырушылары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстандық қоғамдық даму институты.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын «Ашық НҚА» интернет-порталында жариялаған болатын (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14343421).
Ақпараттық доктрина отандық ақпараттық саланы дамыту жөніндегі көзқарастар мен қағидаттар жүйесін, оның ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетіктерін айқындайды.
Уақыты: 15:00
Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғ. 11/5, Нұрлы-Орда БО, 6 қабат (конференц-зал).
БАҚ өкілдері эксперттік талқылауға тыңдаушы ретінде қатыса алады.
Журналистерді аккредиттеу сұрақтары бойынша 8-771-123-30-30 байланыс нөмірі.