
2022 жылғы 25 желтоқсанда сағат 14.15-де Ақмола облысы Көкшетау қаласы «Қоғамдық келісім» ғимаратында (Назарбаев даңғылы, 2/5) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д. Қадыров халықпен кездеседі.
Кездесу барысында ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері талқыланады.
Министрліктің қызметіне қатысты «Онлайн-қабылдау» - «Сұрақ – жауап» - «Министрмен кездесу» бөлімінде Министрліктің ресми сайты арқылы хабарласа аласыз (https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/virtual-reception/question?lang=kk).
Сонымен қатар 26 желтоқсанда Ақмола облысы Зеренді ауданында сағат 10.30-да халықпен кездесу өтеді (Зеренді ауданының әкімдігі, Тәуелсіздік көшесі, 71). Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 телефоны бойынша жүзеге асырылады.