Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жыл сайын беріледі.
Жобаның мақсаты - белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.
Биыл 1000-нан астам жастың жобалары қабылданды.
Нәтижесінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2022 жылы «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша үздік деп танылған 33 жобаның жеңімпаздарына табысталды.