«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы»

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 182-тармағынай сәйкес мемлекеттік органдардың ашық деректерінің сұраныста болуын арттыру бойынша іс-шара көзделген.
«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын қабылдаудың мақсаты халық, БАҚ және бизнес тарапынан мемлекеттік органдардың ашық деректеріне сұранысты арттыру болып табылады. Күтілетін нәтижеге мемлекеттік органдар оларға бекітілген ашық деректер жиынтықтарын «Ашық деректер» порталына орналастырғаннан кейін қол жеткізілетін болады.
Бірыңғай тізбе ақпаратты пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін атрибуттар түріндегі ашық деректердің әрбір жиынтығындағы ақпарат тізбесін көздейді.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды көздемейді, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.