
2022 жылғы 11 желтоқсанда сағат 17.00-де М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Абай облысының Семей қаласында (Уәлиханов көшесі, 150) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Р.Қадыровтың халықпен кездесуі, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.
Кездесу барысында ақпарат саласын, азаматтық қоғамды, жастар және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері талқыланады.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызмет салаларына қатысты мәселелер бойынша Министрліктің ресми сайты арқылы «Онлайн-қабылдау» - «Сұрақ – жауап» - «Министрмен кездесу» санаты қойындысында хабарласа аласыз (https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/virtual-reception/question?lang=kk)
Сонымен қатар, 2022 жылғы 12 желтоқсанда Абай облысы Бесқарағай ауданында сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін азаматтарды жеке қабылдау өтеді (аудандық мәдениет үйі, Әуезов көшесі, 11). Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (776) 669-76-70 (Жунусов А.А.), 8 (702) 381-77-73 телефоны бойынша жүзеге асырылады.