
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Нұр-сұлтан қаласында «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Article 19» халықаралық құқық қорғау ұйымымен бірлесіп ұйымдастыруымен, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің және Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қатысуымен «Жаңа сын-тегеуріндер дәуіріндегі медиа» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Министрліктің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік және жеке (коммерциалық) БАҚ, «Атамекен»ҚР ҰКП өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушылары ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру, сандық дәуірдегі медиа ұғымын анықтау, желілік басылымдар, әлеуметтік желілер мен блогерлердің мәртебесі, мемлекет пен БАҚ-тың өзара іс-қимыл жасауы, өзін-өзі реттеу мәселелерін белсенді талқылады.
Алдағы уақытта Қор заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдарды тұжырымдайды, оның ішінде Министрліктің ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауы жөніндегі жол картасын әзірлеу туралы ұсыныс қарастырылатын болады.