
Құрметті қолданушылар!
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Мектептер мен жоғары оқу орындарында «медиасауаттылықты» енгізу мәселелері туралы» тақырыбында сауалнама өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Халықтың медиа және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру БАҚ дамуының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте қоғамдық белсенділіктің белсенді өсуі байқалатын жағдайда, БАҚ қызметіне талдау жасауға және баға беруге, медиалық материалдарды дұрыс қабылдаудың ақпараттық мәдениетін сіңіруге бағытталған мектептер мен жоғары оқу орындарындағы медиабілім бағытын белсенді дамыту қажеттілігі туындайды.
Сауалнама мектептер мен жоғары оқу орындарында «медиасауаттылық» пәнін енгізу қажеттілігіне қатысты ұсыныстар мен пікірлерді жинақтау мақсатында өткізіледі. Сауалнама нәтижелері халықтың медиа және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған жобаларды іске асыру кезінде ескеріледі.
Сіздерді https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1363 сілтемесі бойынша аталған сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Сауалнама 2020 жылғы 31 наурызға дейін жүргізіледі.
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласып, қажетті ақпаратты алуға болады: 8 (7172) 749235, 87029857977 (Ақмарал Жамалатова).