«Ашық диалог» порталында сауалнама өтетіні туралы

«Ашық диалог» порталында сауалнама өтетіні туралы

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Халықтың ашық деректерге қажеттілігі туралы (санаттар бойынша)» тақырыбында «Ашық диалог» порталында сауалнама өткізетіндігін хабарлайды.

Сауалнама «Ашық деректер» порталында тұрғындардың қандай ақпараттарды көргісі келетіндігі бойынша салаларды (бағыт) айқындау мақсатында өткізіледі.  

Сіздерді келесі сілтеме арқылы сауалнамаға қатысуға шақырамыз: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1351.

Сауалнама 2019 жылғы 24 ақпаннан 25 мамырға дейін өтеді.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 8 (7172) 74-04-797 (Ақышев Жеңіс)