
Құрметті қолданушылар!
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасына көшу» тақырыбында сауалнама өткізетінін хабарлайды.
Аталған сауалнама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын тұрғындар қалай қабылдайтынын және оған олардың тарапынан қандай ұсыныстар болатынынын білу мақсатында жүргізіледі.
Айта кеткен жөн, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасының басты мақсаты – билік пен халық арасында конструктивті диалог орнату болып табылады.
Сауалнама «Ашық диалог» порталында 2020 жылдың 1 наурызына дейін өткізіледі. Әрбір азамат https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1346 сілтемесіне өту арқылы тұжырымдамаға қатысты өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдай алады.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 8 (7172) 74-08-46 (Ерхан Таткен).