Этносаралық саладағы үрдістерді зерделеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Этносаралық саладағы үрдістерді зерделеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі гибридті форматта этносаралық саладағы проблемалық мәселелер мен үрдістерді зерделеу жөніндегі жұмыс тобының «Этносаралық ксенофобия және «өшпенділік тілінің» интернет кеңістігінде таралуы, сондай-ақ оның қоғамдық көңіл-күйге теріс әсері» тақырыбында отырысын өткізді.

Отырыс тақырыбы аясында сарапшылар интернет кеңістігінде этносаралық ксенофобия мен «өшпенділік тілінің» таралуы мәселелерін қарастырды, әлеуметтік желілердегі түрлі этностардың өкілдеріне қатысты кемсітушілік пен қорлаушы риторикадан туындайтын тәуекелдерді талқылады.