2022 жылғы 8 желтоқсан күні сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметное ауылының музыкалық-драма театрында (Фрунзе көшесі, 17А) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Р.Егізбаевтың халықпен кездесуі және азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.
Кездесу барысында ақпарат саласын дамыту, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саясаты, дін, этносаралық қатынастар, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар, халықпен кездесуден кейін сағ. 14.00.-ден 16.00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі (Бәйтерек ауданының әкімдігі ғимаратында, Гагарин көшесі, 139). Жеке қабылдауға жазылу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (705) 638-66-84 (Сагубаева Алма Жасқайратқызы) нөмірі бойынша жүзеге асырылады.