Тиімді коммуникациялар құру бойынша семинар өткізілді

Тиімді коммуникациялар құру бойынша семинар өткізілді

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазмедиа орталығында бейбіт жиналыстар кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тиімді коммуникациялар құру бойынша семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Бас прокуратураның, Бас әскери прокуратураның, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ, телеарналардың журналистері қатысты.
Іс-шараның спикерлері Ольга Диденко мен Жайнагүл Төлеміс болды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар медиа заңнаманы жетілдіру жөнінде пікір алмасты.