Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында сарапшыларға арналған оқыту модулі жұмыс істейді

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында сарапшыларға арналған оқыту модулі жұмыс істейді

Оқыту модулі гранттық қаржыландырудан үмітті ҮЕҰ-ның өтінімдерін бағалайтын сарапшылар тізіліміне енгісі келетін үміткерлерге де арналған.
Жаңа модуль ҮЕҰ-ға гранттарды ұсынудың жаңа ережелеріне сәйкес әзірленген.
Платформа «ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттарға шолу», «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарға өтінімдерді бағалау жөніндегі сарапшылар тізілімін және сараптамалық комиссияны қалыптастыру рәсімі», «Мерзімі қысқа, орташа және ұзақмерзімді гранттарға түсетін өтінімдерді бағалау» үш блоктарынан тұрады.
Оқу аяқталғаннан кейін Сарапшылар тізілімінің үміткерлері арнайы тестілеуден өтіп, өз біліктілігін арттыра алады. Тестілеу барысында жақсы нәтиже көрсеткен сарапшылар сертификатқа ие болады.