
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі бүгін екінші кезеңін бастады. ЖОО-ның журналистика, медиатехнология, кино өнері және телевизия факультетінің III, IV курс студенттеріне арналған жобаның жаңа кезеңіне қатысуға 90-нан астам өтінім түсті. Оның ішінен арнайы комиссия шешімімен 35 студент іріктеліп алынды.
Бүгін студенттерге алғашқы дәрісті Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай өткізді.
Медиамектеп қатысушылары алты айдан астам уақыт бойы «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарнасы және «Қазақ радиолары» ЖШС мамандарынан шығармашылық және техникалық бағытта білім алады. Оқыту ақысыз негізде жүргізіледі және білім алушыларға алғашқы еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастауға мүмкіндік беріледі. Медиамектептің өткен жылғы түлектері арасынан 10 жас маман қазір Корпорацияға қарасты телеарналарда еңбек етіп жүр.