
Бүгін К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өткізілген қаржы-экономикалық журналистика бойынша оқыту курстарынан өткен қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Оқыту курстары қаржы-экономикалық саласындағы салалық журналистиканы дамытуға, БАҚ-та жарияланатын материалдардың сапасын арттыруға, спецификалық терминологияны дұрыс түсіндіруге бағытталған.
Курсқа БАҚ өкілдері (Nur.kz, Orda.kz, El.kz интернет-порталдары, Abai TV, МИР, Atameken business, Qazaqstan телеарналары, «Алматы ақшамы» газеті, т.б.) және медиа мамандықтардың студенттері (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және т.б.) қатысты.