Дархан Қыдырәлі Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджеповпен кездесті

Дархан Қыдырәлі Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджеповпен кездесті

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджеповпен кездесті. Жүздесу барысында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы мен екі ел арасындағы маңызды стратегиялық серіктестік туралы айтылды.
Дархан Қуандықұлы Батыр Реджеповті 20-21 желтоқсанда Астанада өтетін Орталық Азия медиа форумға қатысуға шақырды.