
ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтымен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп «Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» атты жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.А. Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Д.Р. Қадыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ю.В.Кучинская, және басқалар қатысты.
Конференция аясында отандық және шетелдік сарапшылар жаһандық және жергілікті электоралдық үрдістерді қарастырды, азаматтық бірегейлік мәселелерін талқылады және оның сайлау үдерістеріне қатысу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін бағалады.