Бүгін ASTANA MEDIA WEEK - 2022 басталды

Бүгін ASTANA MEDIA WEEK - 2022 басталды

Мақсат - отандық медиа индустрияны және іскерлік қатынастарды дамыту.

Іс-шараның бүгінгі бірінші күнінде апталықтың ресми ашылу салтанаты, сондай-ақ, түрлі тақырыптардағы пленарлық сессиялар мен пікірталастар болып өтті.

Апталықтың ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры және TikTok Kazakhstan компаниясының (болашақ) басшысы Анастасия Панина өз баяндамаларымен  қатысты.

META компаниясының басқарушы директоры Джордж Чен өзінің арнайы құттықтау  бейне-хабарламасын  жолдады.

Сонымен қатар ASTANA MEDIA WEEK спикерлері ретінде хaлықаралық теле-кино және медиа индустрияның кәсіби мамандары, танымал отандық блогерлер мен білікті БАҚ өкілдері қатысып, өз тәжірибелерін айтты.

MEDIA апталық ертең, 27 қазан күні, Астана қаласы Қазмедиа орталығында түрлі пленарлық сессиялармен жалғасады.

Шараның тікелей көрсетілімін https://youtube.com/channel/UCrZkSwkeFxFLkcLjJjfxapQ  сілтемесі арқылы және ҚР АҚДМ ресми инстаграм парақшасынан https://instagram.com/aqparatqogam?igshid=YmMyMTA2M2Y=  көре аласыздар.

Толық ақпарат: https://astanamediaweek.kz/