
Қазақстандағы медиация институтын дамыту мәселелері бойынша республикалық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында денсаулық сақтау, білім беру, еңбек даулары салаларында, қылмыстық процесте медиацияны дамытуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ медиаторларға салық салу мәселелері көтерілді.
Шараның қорытындысы бойынша медиация институтын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды.