Ғ. Шойкин ШҚО этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті

Ғ. Шойкин ШҚО этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті
ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Шығыс Қазақстан облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында этносаралық саланың өзекті мәселелері, этникалық және тілдік қатыстылығына қарамастан азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Ғ. Шойкин Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттарын түсіндірді, этносаралық тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін жағымсыз үрдістердің алдын алу қажеттілігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша этномәдени бірлестіктерге бірлескен жұмыс жөнінде ұсынымдар берілді.