Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті
Бүгін елордада АҚДМ вице-министрі Данияр Қадыровтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысының жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Іс-шарада Астана, Алматы, Шымкент қалаларында азаматтық қоғам ұйымдарының рөлін күшейту; тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу; ауыл шаруашылығында субсидиялау тетіктерін жетілдіру және басқа да мәселелер талқыланды.
Вице-министр өзінің сөзінде «Осы Жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың үкіметтік емес ұйымдармен, азаматтармен тығыз жұмыс жасауына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысуын дамыту, олардың беделін арттыру және басқа да бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу болып табылады».
Сонымен қатар, отырыс барысында Д. Қадыров Министрліктің азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі қызметі туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша өңірлерде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдігін кеңейту бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.