Таразда Шерхан Мұртазаға ескерткіш қойылды

Таразда Шерхан Мұртазаға ескерткіш қойылды

Таразда Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы басталды.

Облыс орталығында қаламгердің еңселі ескерткіші бой көтерді.

Салтанатты іс-шарада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.

 «Ақиқаттың алдаспаны, намыстың наркескені атанған ардақты Шерағаң саналы ғұмырын ұлт руханиятының дамуына арнаған қарымды қаламгер, қайраткер тұлға еді.

Сөз зергері Шерхан Мұртаза журналистикада тұтас бір буынды тәрбиелеп, таланттарға жол ашқан, өзіндік мектебін қалыптастырған қазақ баспасөзінің мәуелі бәйтерегі болды. Абыройлы азамат ретінде биік мінберлерде елдік мәселелерді көтеріп, ұлт мүддесі жолында аянбай күресті.

Жазушының қаламынан туған құнды туындылар уақытпен бірге жасап, өскелең ұрпақтың жадында жаңғыра берері анық. Оның қазақ руханиятындағы орны мен жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды" делінген құттықтауда.