
Сараптамалық кеңестің мақсаты - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында іске асырылатын әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерін бағалау.
Сараптамалық кеңестің құрамына қоғам қайраткерлері, сарапшылар, БАҚ саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.
Сараптамалық кеңеске келесі адамдар өз кандидатураларын ұсына алады:
- ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері;
- жоғары білімі және / немесе ғылыми дәрежесі бар;
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше сала бойынша қажетті кәсіби білімі және кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар;
- әлеуметтік жобаларды бағалау саласында кемінде 2 жыл тәжірибесі бар.
барлық кандидатуралар міндетті түрде жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі мен мүдделер қақтығысының болуы тұрғысынан қаралатын болады;
сараптамалық кеңес күнтізбелік 3 (үш) жыл мерзімге құрылады.
сарапшылардың жұмысы қоғамдық негізде жүргізіледі.
Егер сіз белсенді азаматтық ұстанымға ие болсаңыз және жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келсеңіз, сізді 2022 жылғы 28 қазанына дейін келесі құжаттарды ұсына отырып, қатысуға шақырамыз:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- бағыт бойынша сарапшының біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері;
- жұмыс беруші қол қойған, мөртаңба қойылған кандидаттың еңбек өтілін растайтын түйіндеме.
Барлық құжаттарды бағытыңызды көрсете отырып, p.uzakova@qogam.gov.kz электрондық мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз (техникалық ақауларды болдырмау мақсатында құжаттарды жібергеннен кейін хабарласуды сұраймыз).
Толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша білуге болады: +7 (7172) 74 13 41, 74 05 11.