
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша 2030 жылға дейінгі жастар саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.
Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері жастардың кәсіпкерлік құзыретін дамыту, сондай-ақ бизнес білімінің деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.
Мәселен, жастар ресурстық орталықтарының платформаларын пайдалану арқылы бизнес білімін оқытудың жаңа форматтары қарастырылды.
Іс-шара онлайн форматта өтті. Барлық ұсыныстар мен ұсынымдар 2030 жылға дейінгі жастар саясаты тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.