ҚХА республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

ҚХА республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Алматы қаласында ҚХА республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Күн тәртібінде отбасылық-демографиялық саясат саласындағы жобалар мен міндеттерді іске асыру барысы туралы мәселелері қаралды.

Іс-шараны ҚР АҚДМ "Қоғамдық келісім" РММ ұйымдастырды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, ҚХА республикалық және өңірлік Аналар кеңесінің мүшелері , "Қоғамдық келісім" КММ басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, журналистер мен сарапшылар қатысты.

Сессия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзеге асырып жатқан «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасының жұмысы сөз болды. Қатысушылар бұл жобаның қоғамдағы маңыздылығын, сонымен қатар, жоба арқылы болашақ ұрпақтың санасы мен тәрбиесі қалыптасатынын атап өтті.