
Бүгін 09:00-ден 18:30-ге дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Қазақстан Республикасында діни білімнің өзектілігі туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Интернет-конференция барысында зайырлылық қағидаттарын ілгерілету және конфессияаралық келісімді нығайту, теологиялық ЖОО оқитын студенттерді бақылау үшін мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру талқыланады.
Конференцияға ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің маманы Е.Ахметов қатысады.
Сұрақтар туындаған жағдайда жауапты орындаушы – Ахметов Е., тел.: 8 (7172) 74-09-33.
Интернет-конференция https://dialog.egov.kz/conference/2723. сілтемесі бойынша қолжетімді.