Sarap сарапшылары Ұлытауда жүр

Sarap сарапшылары Ұлытауда жүр

Бүгін Жезқазған қаласында «Жаңа саяси дәуір: ашықтық, әділдік және өзара сенім» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.

Шараны ұйымдастырушы – ҚР  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ.

Жиынға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали, Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Мереке Мырзабекова, «Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ Президент-Ректоры Әбділмәлік Тәкішев, мемлекеттік органдардың өкілдері, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, Жезқазған қаласының белсенді жастары және ҚҚДИ сарапшылары қатысты.

Жиында Президент Жолдауының негізгі ережелері, жаңа саяси дәуірді айқындайтын бастамалары талқыланды. Сондай-ақ іс-шара қатысушылары реформаларды талдап, Жолдауды сапалы жүзеге асырудың түрлі аспектілері бойынша пікір алмасты.