ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Қазбек Өмірзақұлы Майгелдинов «Қоғамдық келісім» РММ Директоры лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін «Қазақстандық қоғамдық даму институты» Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.
Қазбек Майгелдинов Жезқазған университетінің «Тарих» мамандығын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығын және Қазақ ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
2021 жылы Еуразия ұлттық университеті "Саясаттану" мамандығы бойынша докторантураны бітірген, PhD докторы.
ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен басқа да қызметтерді атқарған.
2019 - 2021 жылға дейін Еуразиялық интеграция институтының ғылыми зерттеулер және талдау орталығының басшысы қызметін атқарды.