Нұрбек Матжани ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Нұрбек Матжани 2011 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды бітірген. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты — 2019 жылы АҚШ-тың Northwestern University инженерлік Менеджмент магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2011 жылы "WikiBilim" қоғамдық қорында бастаған, 2013-2014 жылдары "WikiBilim" президенті қызметін атқарған. Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді. 2017 жылы "Atom Media" ЖШС атқарушы директоры болып тағайындалды.