Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы

2022ж. 28 қыркүйекте сағат 15.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.
Отырыс БҰҰ-ның 74-ші Бас Ассамблеясы жариялаған 28 қыркүйек –Жалпыға бірдей ақпаратқа қол жеткізудің халықаралық күніне орайластырылып отыр.
Шара барысында Шымкент қаласы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдау жоспарланған.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сайттарына қазақ тілінің сөйлеу синтезі функциясын ендіру мәселесі қаралатын болады.
Комиссия отырысының тікелей трансляциясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тағы ресми парақшасында өтеді https://www.facebook.com/aqparatqogam